Әлем • 17 Тамыз, 2017

Құлағы  нашар еститін бишілер халықаралық байқауда Гран-при жеңіп алды

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Есту қабілеті  нашар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты жанынан құрылған «Sensitive» би ансамблі Болгарияның Обзор қаласында ұйымдастырылған «Розы Обзора-2017» халықаралық фестивалінде ел намысын қорғаған жалғыз команда болды.

Құлағы  нашар еститін бишілер халықаралық байқауда Гран-при жеңіп алды

Байқау қызу өткеніне қарамастан 10 елден қатысқан 280-ге жуық мың бұралған бишілер арасынан 5 жүлдені  олжалап, бұған қоса  күзде  Сочи қаласында өтетін халықаралық бишілер форумына шақырту алды.

«Бізден үш жұп тамаша өнер көрсетіп,  қазылар  алқасынан ең жоғары баға алды. Көрермендер де ерекше  қошемет көрсетті. «Жаса, Қазақстан!» деп уралағанда төбеміз көкке жеткендей, – болды дейді  ансамбльдің  көркемдік жетекшісі Ольга Ростовщикова.

Оның тәрбиеленушілері еуропалық, латынамерикалық, қазіргі хореография аталымдары бойынша сынға  түсіп, вена вальсі, испан биін, тангоны  нақышына келтіре орындап берген. Ал «Театр өнері» аталымы бойынша  алғаш қатысып отырғандарына қарамастан жүлделі  орынға қол жеткізген.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.